Музыкалық сауат ашу : Альтерация елгілері
Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері дейді. Альтерация белгілеріне мыналар жатады: Д и е з — ол дыбысты жарты тон жоғарылатады. Б е м о л ь — ол дыбысты жарты тон төмендетеді. Б е к а р — ол диезбен бемоль белгілерінің күшін жояды. Дауыс ашу жаттығулары :Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда. Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында. Әнді бастар алдында асықпай іщіңнен дем ал. Сөздің ортасында дем алма. Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Әндету : Дос болайық бәріміз.Әнін жазған И.Нүсіпбаев . Өлеңін жазған Х.Талғаров.1.Әр қашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз . Ілгері жүріндер , Достық жырын біліңдер . Ту ғып ұстап бірлікті , Еңбекті сүйіңдер . Қайырмасы:Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз . Тыңыштықты сақтаймыз , сақтаймыз . Атсын күліп таңымыз.
2 .Қайраттанып , қырышта , Озып шыққан жарыста Батыл бас жас ұлан , Самға биік алысқа , Жұлдыздарға , ғарышқа , Бойда күш тасыған. Қайырмасы :
3. Отан — біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз . Нұрлы күн сөңбесің ,Бақыт болып жаңамыз . Жарық біздің санамыз , Қара бұлт төнбесін .
Музыка. 5сынып 28 .02 01.03. Сабақтың тақырыбы Маком өмірден сыр шертеді . Сабақтың мақсаты:музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтержиынтығын айту , жыр ,толғау ,терме ,лирикалық әндер ,айтыс өнерін айтып түсіндіру. Білімділік: Қазақ халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы:Маком өмірден сыр шертеді. Музыкалық шығарманы тыңдау: «Телқоңыр» СүгірдіңҮйретілетін ән: «Жол жыры» Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр,толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ,дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы жәнедомбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік,шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофонболып жіктеліп жүр.
Сүгірдің термесі
Әні мен сөзін жазған Сүгір Бегендікұлы.
1. Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.
2. Келіндерімде бар еді,
Қайнаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.
3. Таратқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік — ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.
Әндету: Жол жырыШ. Қалдаяқов. Т. Молдағалиев. Шақырады асқар мынау Ақша бұлтқа оранған . Жүрген сайын достарым — ау, Ашылады жол алдан. 2 рет. Көк өзендер көбік шашып, Бізді келіп көр дейді. Жолда жүру қандай жақсы,Жол биікке өрлейді. 2 рет. 3 Төбемізде жанады күн, Күн қызығын көрейік. Жиып әкеп дала гүлін , Анамызға берейік. 2 рет.
Музыка сауаты:нотаменмжұмыс жасау
Үйге тапсырма : әнді жаттау
Музыка. 5 сынып 07 .03 15.03. Сабақтың тақырыбы Вена классикалық симфониясы. Сабақтың мақсаты:Вена коассикасымен таныстыруСвиридовтың «Школльный вальс» деген музыкасын тыңбату. Білімділік: Вена халқының музыка өнерімен таныстыру. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін, шығармашалығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу . Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың барысы:Вена классикалық симфониясы. Музыкалық шығарманы тыңдау: Свиридовтың «Школльный вальс»
Жанр- өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.
Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Алғашқы кезенде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композитордың стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.
ХУ111-Х1Х ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.
Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:
а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптык);
ә) эстрадалық музыка;
б) камералық музыка;
в)симфониялық музыка;
г) хорға арналған музыка;
д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.
Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: вокалдық (таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.
Музыкалық образды топтастыру ретінде (обобщение через жанр) жанрдың көркемдік образды бейнелеуде маңызы үлкен. Мысалы, Бетховен шығармашылығында революциямен байланысты марш жанры аса үлкен мағынаға ие болады.
Симфониялық музыканың ең ірі жанрларының бірі – симфония жанры. Симфониялық оркестрде орындауға арналған негізінен сонаталық циклді формадағы музыкалық шығарма. Кейбір симфонияға хор мен жеке әншілер де қатысады. Әдетте ол 4 болімнен түрады. Бірінші бөлім-сонаталық аллегро, екінші-баяу лирикалық, үшінші –менуэт немесе скуцо, ториінші-көбіне рондаға үқсас финал. Симфония –аспантық музыканың идея мен ойды барынша жетік бейнелейтін түрі.
Симфонияның жетілген аса дамыған түрлері Вена классикалық мектебі
Венаның классикалық мектебі – Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен Х1Х ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композиторлар – И. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптығы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбылыстарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды
Волфганг Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист,дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялыққабілеттері болған.композиторлары (Гайди, Моцарт, Бетховен) шығармашылығында қалыптасты.
Үйретілетін ән: «Ана, сен бақыттысың» сөзі: Мұқағали Мақатаев
әні: Естай Әлікеев
Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді.
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Музыка 5 сынып 14.03 29.03.
Источник
Сабақтың тақырыбы: Музыканың қозғаушы белгілері. Альтерация Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Музыка сауатын ашу.Музыкалық ұғымдармен таныстыру.Үн тазалығын
Описание презентации по отдельным слайдам:
Сабақтың тақырыбы: Музыканың қозғаушы белгілері. Альтерация Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Музыка сауатын ашу.Музыкалық ұғымдармен таныстыру.Үн тазалығын сезінуге үйрету. Дамытушылығы:есту,есте сақтау қабілетін дамыту. Топ алдында еркін,тиянақты,ой айта білуге дағдыландыру. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: интерактивті тақта,баян,үнтаспа, фортепиано аспабының суреті
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі II.Өткен сабақты қайталау Қандай ұлттардың музыкаларымен таныс болдық? Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Ойжұмбақ»дидактикалық ойынын ойнату. Оқушылар әр халықтың ұлттық аспаптарын тауып,дөңгелектің ішіне жазуы тиіс «Ойжұмбақ» қазақ ұйғыр орыс
III.Жаңа сабақ: —Музыкада неше дыбыс бар? Жеті дыбыс: -До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си ,-осы жеті дыбыс негізгі дыбыстар. Музыканың сазды ,әдемі әуенді орындалуына музыканың көркемдеуші құралдармен қатар альтерация белгілерінің де көмегі зор. Негізгі дыбыстарды жарты тон жоғарылату немесе төмендету белгілерін музыкада қозғаушы белгілер немесе альтерация дейді.
Олар: # (диез)-музыка дыбысының жарты тонға жоғарылауы. Ь (бемоль)-музыка дыбысының жарты тонға төмендеуі. Альтерация белгілерінің бірнеше түрі бар:
До ре ми фа соль ля си Фортепиано аспабының басқыштары(клавиштері)-ақ және қара түсті болады .Ақ басқыштар нотасының арасы-бір тон болса,ақ пен қара басқыш арасы –жарты тон болады. ДО———————ДО# РЕ——————-РЕ# ақ қара ақ қара басқыш басқыш басқыш басқыш Сол сияқты бемоль Ь кездессе: РЕ———————РЕ Ь ақ басқыш қара басқыш
Фортепиано-итальян тілінде «қатты және ақырын» деген мағына береді.Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709-1711 жылдары жасап шығарды.Фортепианоның екі түрі: рояль және пианино(фортепиано) бар. Музыка тыңдау: фортепиано аспабында шығарма тыңдау.
Ән үйрену: Б.Әлімжанның «Ұл бала мен қыз бала» әні-көңілді,сергек,жайдары,орташа екпінде орындалады.Ән қыз бала мен ұл баланың арасындағыдостықты,сыйластықты,адамгершілікті жырлайды. Әнді фраза бойынша үрету. Шығармашылық жұмыс: Достық туралы мақалдар айту.
Шығармашылық жұмыс: Достық туралы мақалдар айту. Қорытындылау: 1.Альтерациялық белгілері музыкалық дыбысты қалай өзгертеді? 2.Қандай альтерация белгілерімен таныстық? 3.Альтерация белгілері қайда жазылады? 4.Фортепиано мен баян аспабында ақ және қара басқыштар нені көрсетеді?
Номер материала: ДВ-520809
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Источник
Музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс
Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері :
1. Дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуы;
2. Музыкалық дыбыс қасиеттері
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:
1) музыкалық дыбыстар;
2) шулы дыбыстар.
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.
Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» — «таңба» — деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:
1) скрипка (соль) кілті;
3) альт (до) кілті.
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.
Дыбыс шығарушы серіппелі дене тербелісінің жиілігі мен жылдамдығы музыкалық дыбыстың биіктігі деп аталады. Дыбыс күші тербеліс қозғалысына, яғни серіппелі дененің тербеліс ауқымына қарай өлшенеді. Мысалы, дыбыстар боянуына байланысты жұмсақ, қатты, жуан, жіңішке дыбыстар болып анықталады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін студентті дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуына үйрету керек.
Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау
Источник