Музыкалы дыбыстарды домбыра пернелерінде орналасуы ж не нота желісінде жазылуы

«Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»

Ашык с абақ «Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»

Сабактың м ақсаты: Оқушыға домбыра аспабын үйренудегі бастапқы қадамды түсіндіре отырып, орындаушының отырысын, екі қолдың қойылымын дұрыс қалыптасуын және музыкалық сауаттық маңыздылығын түсіндіре білу.

а.Білімділік: Қазақстан халық музыка мәдениетінің ең бастыболшегі аспаптық музыка, кұйшілік өнер және атакты күйшілердің өнері туралы білімдерін калыптастыру.

ә.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыка тыңдата отырып елестетуге дағдыландыру.

б. Тәрбиелік : Окушыны музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, күйлер мен шығарма әндерін жатқа ойнауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушы аспапта дұрыс отыру, екі қолдың дұрыс қалыптасуын, музыкалық нотаны сауатты білуі. Іздену, көзбен нотаны жүгіртіп оқу, жатқа ойнау.

Кіріспе: Домбыра – қазақ халық арасына өте кең тараған аспап. Көрінер көзге қарапайым орындауға оңай көрінгенімен, домбыраның ашылар сыры жетерлік. Ғасырлар бойы жазылған тарихы, көтерген жүгі, атқарған қызметі, қалыптасқан әрқилы мектептері, орындаушылық үрдісі және оның әр түрлі әдістері бар. Оқушыға домбыраны үйретуде бір жүйелілік, бағыт болу керек. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну, зейіннің қалыптастыру, өз бетімен жұмыстану, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ 1 сынып оқушысы Ораз Даниямен откізіледі.

Оқушының отырысы. Аспапты дұрыс ұстауы. Екі қолдың дұрыс қойылымы. Жалпы отырғышта отырғанда ыңғайлы орындықта отыруы. Табиғи қалпын сақтауы. Қыз баланың отырысында аяқты көтеру. Ер балаша отыру дәстүрде жоқ екенін ұстанған жөн болады.

Қойылым дегеніміз не?

Қойылым дегеніміз – музыка аспабын тарту кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, орналасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.

Б.б. – бас бармақ б. б.- бас бармақ

1- бірінші с. с. – сұқ саусақ

2- екінші о. с. – ортаңғы саусақ

3- үшінші а. ж. с. – аты жоқ саусақ

4-төртінші ш. – шынашақ

Отырысымызды дұрыстағаннан кейін ашық ішекте қағыс алып үйренеміз. Жалпы қағыс дегеніміз не?

Ия, оң қолдың қимылымен дыбыс шығару әдісін – қағыс дейміз. Оң қолдың білезік буыны жұмыс жасау керек. Оң қолымыздың саусақтарын шашыратпай жинақтап, сұқ саусақпен төмен, бас бармақпен жоғары қағамыз.

Бірінші төмен бағыттағы қағыс (п) екінші жоғары бағыттағы (v) қағыспен аламыз. Енді алма-кезек (п,v) қағыспен көрейік.

Бұл қағысты қалай атаймыз?

Енді ашық ішекте қағыс алып, домбырадан шыққан дыбысты тыңдаймыз. Әрдайым екі қолымыздың қалпын қарап отыру керек.

Алғашқы сабаққа келгенде біздер бірден домбыраны тартып кеттік пе?

Домбыра үш буыннан тұрады.

Бас буын, орта буын, саға буын.

Басында немен таныстық?

Аспаппен. Қане, маған домбыра құрылысын айтып бер.

Басы, мойыны, кеудесі, тиегі, құлақтары, ойығы, түймесі, 19 пернесі, 2 ішегі бар.

Астыңғы ішектің аты қалай аталады? Соль.

Үстіңгі ішектің аты қалай аталады? Ре.

Астыңғы ішегі соль, үстіңгі ішегі ре деп аталады.

Ал соль, ре дегеніміз не? Нота.

Жалпы нота дегеніміз не?

Нота дегеніміз – ол музыкалық дыбыс.

Нотаны қайда жазамыз?

Сұрақтар арқылы жауап алу.

– Домбырамызды алайық, нота ұзақтығын үйренгеннен кейін, ашық ішекте не ойнап үйрендік?

Нотаның ұзақтыққа бөлінуі кестесін өлшемге санап тартамыз.

Такт ішіндегі үлестердің жалпы санын нота ұзақтықтарымен белгілеп жазу өлшем деп аталады.

Қандай өлшемдер бар 2-4; 3-4; 4-4.

Қағыстарға қолымызды жаттықтырдық, нотаны үйренгеннен кейін не істедік?

Ия, перне басып ойнадық. Міне бұл жерде бастапқы екі қолдың қойылымына ораламыз солай ма? Әсіресе сол қолдың домбыра мойынына дұрыс қалыптасуы бас бармақпен мойынының үстіне, төртінші саусақты астына шашыратпай, қаз-қатар әдемілеп орналастыруымыз керек.

– Домбыра мойынында қанша перне бар дедік?

Сол пернелердің атауларын үйрендік. «Соль» ішегінде және «Ре» ішегінде.

Перне атауларын айтып берші, аппликатура жүйелігін сақтап отырамыз, бас бармақпен төмен бағытта шертіп көрсет.

Перне атауларын ойнап көрсету.

Аппликатура дегеніміз не? Аспапты тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасуы және нотадағы белгілері.

– Қане сабақтарды орындайық №1,2,3.

Біздер қандай әндер білеміз?

«Аллегретто » В. Моцорт .

Бұл әнде қандай белгі бар?

Ия, альтерация белгісі бар.

Қандай белгі «диез»?

Ия, қай нотаға қойылған? Фа нотасына койылган.

Басқа қандай альтерация белгілерін білесің?

Альтерацияның түсінігін білесің бе? (Диез, бекар)

Енді әнді ойнап берші.

Жақсы тағы қандай әндеріміз бар?

Калинниковтің «Тень-тень» әнін тартып көрейік, алдымен санаймыз, сосын нотасын айтып тартамыз.

Кабалевскийдің «Маленькая полька» әнін орындап берші. Нотасын дауыстап айтып отыру.

Бұл әндерде үстіңгі ішекте перне басылды ма?

Үстіңгі ішекті басып тарту арқылы қандай ән білеміз?

Қазақтың халық әні «Еркем-ай».

Бұл әнді үйренгенде қандай қиындық туындады?

Бас бармақты дұрыс баса алмай, саусақтарымыздың арасы созылмай, дұрыс перне баса алмадық.

Бұл қиындықтан қалай шықтық, не арқылы?

Тұғырлық жаттығулар арқылы позицияларды үйрендік.

Позиция деген не?

Сол қол саусақтарының перне үстіндегі белгілі бір қойылым әдісін перне тұғыры немесе позиция дейміз. (1-4 позициялар орындау) Сосын «Еркем-ай» әнін орындау.

Қорытынды: Оқушы бастапқы қадамдарды дұрыс меңгеріп, қолдана білуі, ұстаздың жетістігі деп білемін. Жалпы қойылым, отырыс, музыкалық сауаттылық тек бірінші сыныпта емес жыл сайын айтып отырып, әрдайым есте ұстап, одан әрі күрделендіре беру керек. Теория мен практиканы ұштастырып сабақты жүйелі өткізген дұрыс болады.

Үйге тапсырма: Тұғырлық жаттығуларды қайталау

«Еркем-ай» әнін жатқа тартып келу, өткен әндерді қайталау.

Сабақ соңында бағалау: Үйге баруға рұксат. Сау бол!

Источник

Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы

Саба?ты? та?ырыбы: «Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы»

Саба?ты? ма?саты:

  1. О?ушыларды? музыкалы? сауатын ашу, есту, есте са?тау ?абілеттерін жетілдіру.
  2. Домбыра пернесіндегі ноталарды о?ушылар?а д?рыс ме?герту

Саба?ты? т?рі: Ашы? саба?

Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндірмелі

К?рнекілігі: домбыра аспабы, та?та, домбыра аспабыны? сызбасы, ?ажетті кітаптар.

І. ?йымдастыру кезе?і

?) Саба??а ?атысушыларды т?гендеу

б) ?йірме м?шелеріні? саба??а ?ажетті ??ралдарын тексеру, назарларын саба??а аудару.

ІІ. ?й тапсырмасы

О?ушылардан ?й тапсырмасын с?рау.

ІІІ. Жа?а саба?:

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталармен танысу.

Жа?а саба?ты бастамас б?рын о?ушыларды? т?зу отырып, домбыраны д?рыс ?стауына к??іл б?лу керек. Сондай-а? бірінші ж?не екінші октава ноталарыны? орналасуын еске т?сіріп, ?айталау.

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталарды ?йрену ?шін домбыраны? мойынында?ы пернелерді рет — ретімен санап, онда?ы ноталарды ойнап ?йренеміз.

1. Ашы? соль-нотасы

2-ші пернеде ля-нотасы

4-ші пернеде си -нотасы

5-ші пернеде до-нотасы

7-ші пернеде ре-нотасы

9-шы пернеде ми-нотасы

10-шы пернеде фа-нотасы

12-ші пернеде соль-нотасы

14-ші пернеде ля-нотасы

16-шы пернеде си-нотасы

17-ші пернеде до-нотасы

19-шы пернеде ре-нотасы

Енді осы дыбыстарды рет-ретімен басып, домбырада тартып ?йренеміз. Сол ?ол сауса?тарыны? пернені аса ?атты баспай, сол пернені сауса? басымен сезіне алуына к??іл б?лу керек. Сондай-а? пернені бас?анда сауса?тар ?те тік басылмауы тиіс. Пернеден — пернеге ауысарда сауса?тарды с?л босатып, ішекті бойлай сыр?ыта жылжыту керек.

IV. ?орытынды. С?ра?-жауап ар?ылы саба?ты ?орытындылау.

  1. Домбыра ішектеріні? аталуы?
  2. Домбырада неше перне бар?
  3. Бесінші пернедегі до нотасы ?ай октава?а жатады?
  4. Он жетінші пернедегі до нотасы ?ай октава?а жатады?
  5. Домбыра пернелеріндегі сол ?ол сауса?тарыны? ?ойылымы ?алай ж?ргізіледі?

V. ?йге тапсырма

1-ші ж?не 2-ші октава ноталарыны? орналасуын ?айталау.

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталарды жаттап, домбырада ойнау.

Просмотр содержимого документа
«Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы»

Нарманова Сәуле Әбдіғалиқызы

Домбыра үйірмесінің жетекшісі

Қазақтың ұлттық аспаптары

Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;

Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі тәрбие сағатында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.

2-жүргізуші: Балалар, қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

-Домбыра, шертер, қобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, тұяқтас, асатаяқ, дабыл, адырна.

1-жүргізуші: Аспаптардың шығу тарихы жайлы не білеміз?

Зарлықова Жібек: Біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев.

Алматы консерваториясының ұстазы Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды 1960 жылдан бастап жинаған. Оның үйі ерекше мұражайға айналды. Жинаған аспаптар саны 300 — ге жетті. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.

Нағашыбай Перизат: Алдарыңызда көріп отырғандарыңыз – домбыра аспабы.

«Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл — сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра» — деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы — маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек — қарынын қарға — құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» — деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)

Сапар Меруерт: Шертер — қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер — қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.

Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.

Кенжеғұл Мөлдір: Қобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 — 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қобыздың сарыны үзілмей келеді. Қобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қобыз аталуы да сондықтан. Қобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «Нар қобыз». Қобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын — шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)

Келдібай Арайлым: Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс — тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі — берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй — пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» — «жетіген» деген ұғымды береді.

Бодан Айғаным: Адырна — қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 — 50 см., қалыңдығы 8 — 10 см, 7 — ден 13 — ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады.

Қожахмет Сұлтанбек: Сыбызғы — қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 — 650 см не 700 — 800см болады. 3 — 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық — этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Андағұл Дарын: Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми — бемоль”, “фа”, “соль” ноталары.

Шраздин Мадияр: Шаңқобыз — қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйлер де бар.

Орынбасар Рақымжан: Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 — 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.

Зарлықова Жібек: Асатаяқ — тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

Бөрібай Думан: Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.

Күй – «Жас домбырашылар» ансамблі – Дәулеткерей — «Қосалқа»

Ән: Келдібай Арайлым – «Ата дәстүр»

Мәнерлеп оқу – Бөрібай Думан – «Қобыз»

Өзбек биі – «Көркем-ай» би тобы

Күй – «Жас домбырашылар» ансамблі – «Ерке сылқым»

Мәнерлеп оқу – Зарлықова Жібек – «Домбыра үні»

1 – жүргізуші: Ұлы жазушы М. Әуезов «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен.

2 – жүргізуші: Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Источник

Читайте также:  Катюша ноты для аккордеона для начинающих
Оцените статью