Нота жазбасы дегеніміз не

Ноталарды? ?за?ты?тары ж?не оларды? жазылуы. Нота ар?ауы

Саба?тын барысы: Жа?а саба?.

Саба?ты? ?тілу ?дісі: Жа?а саба?ты т?сіндіру, баяндау

Саба?тын барысы: I. Нота белгісі

II. Натоларды? ?за?ты?ы

III. Таблица сызбасы

  1. Музыкалы? дыбыстарды жазу ?шін ноталар ?олданылады. Нота – латын тілінен аудар?анда «белгі» деген ма?ынаны білдіреді. Нота белгісі д??гелек, іші боял?ан не боялма?ан болып келеді. Д??гелек нота белгісіне тіке т?сірілген тая?шалар (штиль) олар?а жал?астырыл?ан жалаушалар дыбыс ?за?ты?тарын білдіреді.
  2. Ноталарды? ?за?ты?ын ?арапайым к?рнекілік ар?ылы т?сіндіруге болады мысалы:

Б?тін нота — б?тін алма

Жартылы? нота алманы екіге б?лгені? бірі.

Т?рттік нота алманы 4-ке б?лгені? бір б?лігі 1-ге те?

Нотаны? жазылу та?басы

Нотаны? ?за?ты?ы бойынша аталуы

Нота ?за?та?ын санап, есептеу

1- ге; 2 -ге; 3 -ке; 4 -ке

Ширек немесе т?рттік

  1. Ноталарды орналастыру ?шін параллель сызыл?ан бес сызы? ?олданылады. Оны нота ар?ауы дейді

Нота желісіні? сызы?тары т?меннен жо?ары ?арай саналады. Ноталар нота ар?ауыны? сызы?тарына? ?зіне ж?не аралы?ына орналасады. ?осымша сызы?тар нота ар?ауыны? т?менгі жа?ынан ж?не жо?ар?ы жа?ынан негізгі сызы?тар?а ара ?ашы?тары бірдей болып, тек бірдей болып, тек бір дыбыс?а арналып, параллель сызылады. Нота ар?ауыны? т?менгі жа?ында сызыл?ан ?осымша сызы?тар жо?арыдан т?мен саналады да, жо?ары жа?ынан сызыл?ан ?осымша сызы?тар т?меннен жо?ары ?арай саналады.

?орытынды: С?ра?, жауап. Музыкалы? шы?арманы? ыр?а?ын, темпін сезінуде, дыбыс ?за?ты?тарын ме?геруде нота сауаттылы?ымен танысу кезінде математикамен ты?ыз байланысты.

?ндерді? дыбыстарды? ?за?ты?тары б?тін, жарты, т?рттік, сегіздік ноталармен таныс?анда математикамен тікелей ?атысты.

?йге тапсырма:

Нота таблицасын ?за?ты?ын жаттау.

Нота ар?ауы дегеніміз не?

?осымша сызы?тар не ?шін сызылады?

Нота ар?ауына ноталар ?алай орналасады?

Просмотр содержимого документа
«Ноталарды? ?за?ты?тары ж?не оларды? жазылуы. Нота ар?ауы»

Сабақтын барысы: Жаңа сабақ.

Сабақтың өтілу әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау

Сабақтын барысы: I. Нота белгісі

II. Натолардың ұзақтығы

III. Таблица сызбасы

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін ноталар қолданылады. Нота – латын тілінен аударғанда «белгі» деген мағынаны білдіреді. Нота белгісі дөңгелек, іші боялған не боялмаған болып келеді. Дөңгелек нота белгісіне тіке түсірілген таяқшалар (штиль) оларға жалғастырылған жалаушалар дыбыс ұзақтықтарын білдіреді.

Ноталардың ұзақтығын қарапайым көрнекілік арқылы түсіндіруге болады мысалы:

Бүтін нота — бүтін алма

Жартылық нота алманы екіге бөлгенің бірі.

Төрттік нота алманы 4-ке бөлгенің бір бөлігі 1-ге тең

Нотаның жазылу таңбасы

Нотаның ұзақтығы бойынша аталуы

Нота ұзақтағын санап, есептеу

1- ге; 2 -ге; 3 -ке; 4 -ке

Ширек немесе төрттік

Он алтылық нота

Ноталарды орналастыру үшін параллель сызылған бес сызық қолданылады. Оны нота арқауы дейді

Нота желісінің сызықтары төменнен жоғары қарай саналады. Ноталар нота арқауының сызықтарынаң өзіне және аралығына орналасады. Қосымша сызықтар нота арқауының төменгі жағынан және жоғарғы жағынан негізгі сызықтарға ара қашықтары бірдей болып, тек бірдей болып, тек бір дыбысқа арналып, параллель сызылады. Нота арқауының төменгі жағында сызылған қосымша сызықтар жоғарыдан төмен саналады да, жоғары жағынан сызылған қосымша сызықтар төменнен жоғары қарай саналады.

Қорытынды: Сұрақ, жауап. Музыкалық шығарманың ырғағын, темпін сезінуде, дыбыс ұзақтықтарын меңгеруде нота сауаттылығымен танысу кезінде математикамен тығыз байланысты.

Әндердің дыбыстардың ұзақтықтары бүтін, жарты, төрттік, сегіздік ноталармен танысқанда математикамен тікелей қатысты.

Үйге тапсырма: Нота таблицасын ұзақтығын жаттау.

Источник

Ноталардың толық атауын білесіз бе?

Музыканы барлығымыз сүйіп тыңдағанымызбен, оның негізі болатын нотаның толық атаулары туралы еш бас қатырып көрмеген болармыз. Ноталарға ерте орта ғасырларда өмір сүрген италиялық сазгер Гвидо д’Ареццо атау берген.

Олардың толық атаулары мынадай:

Do – Dominus – Жаратушы;
Re – rerum – Материя;
Mi – miraculum – Ғажап;
Fa – familias рlanetarium – ғаламшарлар жанұясы немесе Күн жүйесі;
Sol – solis – Күн;
La – lactea via – Құс жолы;
Si – siderae – Аспан.

Музыканы қағазға жазып түсіруде қолданылатын графикалық шартты белгілерді нота деп атау да Гвидоның заманында, яғни Х ғасырда енгізілген. Ноталарға берілген атаулар бірден құпталып, қолданысқа еніп кетпеді. Тіпті Х VII ғасырға дейін Еуропада нота жазу жүйесі қалыптаспай, музыкалық сауаттылық дамымай келді. Кейіннен арнайы мектептер ашылып, музыка ілімін оқыта бастаған кезде, нотаның атаулары да кеңінен таныла бастаған.

Источник

Нота жазбасы дегеніміз не

Материал қосу

Ноталарды үйренейік!

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының музыка жетекшісі Салкынбекова Гульжан Лесбековна

Білім беру саласы: шығармашылық саласы

Ұйымдастырылған оқу әс-әректінің түрлері: музыка

Тақырыбы: Ноталарды үйренейік!

Мақсаты: Балалардын ноталарды тануын,оны жатка айтуын, музыкалық аспаптарга деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге уйрету.

Көрнекіліктер: Нота сызығы, ноталардың суреттері, ноталардың суреті салынған пойыз, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреті, ж.т.б

Сабақтың барысы:

1. Мотивациялық козғаушылық

Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, айналып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады, әртүрлі қимылдар жасап әуенге билейді. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында шаттық шеңбер жасаймыз

Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басығой
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздерме апайлар!

Музыка жетекшісі: — Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?

Балалар: — Музыка сабағына.

Музыка сабағында біз не үйренеміз?

Балалар: — Ноталарды, ән айтуды, би билеуді үйренеміз.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар!

2. Ізденушілік-ұйымдастырушылық кезеңі.

Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссындар?

Балалар: Ноталарды білуіміз керек

Музыка жетекшісі: Ия дұрыс айтасыңдар! Біз ноталарды білуіміз қажет. Бізде неше дыбыс нотасы бар? Кане олай болса ноталардың атын айтып корейікші?

Балалар: Бізде 7 дыбыс нотасы бар. До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си

Музыка жетекшісі: Неше нота сызығы бар?

Балалар: 5 сызық нотасы бар, балалар ноталарды 5 сызықтың үстіне апарып жабыстырады.

Музыка жетекшісі: Ендеше балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:

Бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Балалар: бізде барлық нота толық болдыма?

Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, кәне соль си ноталарын апарып 5 сызыққа жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз( балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)

Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы қажет балалар?

Балалар скрипка кілті тұруы қажет.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар,балалар,мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.

Музыка жетекшісі: Балалар ендеше, ноталар жабыстырылған пойызға мініп саяхаттап қайтайық (әуенмен жүріп, залды бір айналады) «бірінші аялдамаға» келіп тоқтайды (Аялдамада хат жатады)

3. Негізгі бөлім.

Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат жатыр екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдама 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдап оның сөзімен қосып айтып беріңдерші;-депті. (Балдырғандар әні)

Музыка жетекшісі: жарайсыңдар,балалар әнді жақсы орындадыңдар. Ендеше тағыда пойызға отырайық, (музыка ойналып тұрады) «екінші аялдамаға» келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:

Музыка тыңдау: Балалар күй табақтағы музыкаларды тыңдап, оның мінездерін ажыратып беріңдер; депті. Тыңдап қараймыз ба балалар?

Балалар: — ия қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен) балалар әуенді дұрыс ажыратады.

Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді музыкаға бәріміз би билейік? Жарайсыңдар! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді)

Музыка жетекшісі:

Балалар,осындай тамаша көңіл-куймен соңғы аялдамаға жетейік,

Ханшайымның тапсырмасын орындайық.

(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)

Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып корейік: Бұл хатта сұрақтар бар екен, осы сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жандарыңнан табыламын; деген

— Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)

— Сазсырнай калай шертіледі? (Үрлеп)

Музыка жетекшісі: Сазсырнайды үрлеп көрсетеді

Ол қандай топқа кіреді (Үрлемелі)

— Мынау қандай аспап? (Домбыра)

Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді

Қай топқа жатады? (Ішекті)

Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)

Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп корсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.

Аспаптардың аттарын балалар музыка жетекшісімен бірге дұрыс табады. Музыка жетекшісі оларға аспаптарды таныстырып айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.

(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді )

Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.

— Сол үшін мен сендерге арнайы дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)

Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаға баргансоң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! (шығып кетеді)

Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатаын уақытымыз болып қалды. Мінекей поызда келді, қанекей кеттік.(музыка ойналып тұрады, залды бір айналып шығады)

4. Қорытынды.

Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендерің туралы әңгімелейді) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын табыстайды)

Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып,би биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымымен жүздесіп, сұрақтарына жауап бердік.

Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар енді бәріміз бірге «Кел билейік» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!-деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі.

Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі,аспаптармен танысты;

Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз-қарастарын қалыптастырады.

Источник

НОТАЛАР ТІЗБЕГІ (Гамма)


Си –
Ля,
Соль,
Фа,
Ми,
Ре,
До,
Секілді бір баспалдақ.
Көрсетеді ол да сый,
Әр сатысын басқанда-ақ.

Күй төккендей болады,
Бабын тауып құлақтың.
Шыққан сайын жоғары –
Сыңғырындай бұлақтың.

Биікке шық, ән үйрен,
Жүрексіздер жасқанбақ.
До,
си,
ля,
соль,
фа,
ми,
ре –
Төмен түсер баспалдақ.

Білсең бәрін атымен,
Күйге толар өмірің.
Төмендесең сатымен,
Баурап алар қоңыр үн.

Онсыз сәнге толмас үй,
Ән жатпаса аспандап.
До, ре, ми, фа, соль, ля, си –
Әуен жолы баспалдақ.

«ҚОЛБАСШЫ»

Көңіліне толар үн,
Тыңда нота тізбегін.
«До» нотасын солардың
Ең алдынан іздегін.

Дыбыстардың тірегі,
Жалғыз өскен еркедей.
Бәрін ертіп жүреді,
Қой бастаған серкедей.

Алтауы одан аспайды,
Сол болады басты ерің.
Қолбасшы боп бастайды
Ноталардың әскерін.

«ДО»

Өнер жолы ғажайып,
Әрі қиын, әрі ізгі.
«До» нотасын жазайық
Кәдімгі до-до-доп тәрізді.

Дыбыстардың елінен
Шеңбер алып до-до-домалақ,
Бір сызайық белінен,
Кетпес үшін до-до-домалап.

«До» нотасы осылай
Жазылады, до-до-досым-ай.

«РЕ»

Баурап алар күшіңді
Сиқырлы еді не деген?
Домбыраның үстіңгі
Қоңыр шегі «ре» деген.

Домбыраң күй толғаса,
Қалатындай тұншығып,
«Ре» нотасы болмаса,
Жарытпайды үн шығып.

Музыканы сүйіне
Тыңда, оны ке-ре-к ет.
«Ре»-ні шертсең, күйіңе
Үн қосылар ке-ре-мет.

«СОЛЬ»

«Соль» нотасын іздедің бе,
Қайда екен деп тұрағы.
Ноталардың тізбегінде
Бесінші боп тұрады.

Күмбіріне домбыраның
Болсаң егер шөлдеген,
Астыңғы шекті дәл бұрағын,
Нотаға сап «соль» деген.

Сазын берсе асқақ үннің,
Екі нота: «ре» мен «соль» –
Құлақ күйі аспабыңның
Келісіп тұр деген сол.

Источник

Музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері :

1. Дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуы;

2. Музыкалық дыбыс қасиеттері

Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:

1) музыкалық дыбыстар;

2) шулы дыбыстар.

Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» — «таңба» — деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:

1) скрипка (соль) кілті;

3) альт (до) кілті.

Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.

Дыбыс шығарушы серіппелі дене тербелісінің жиілігі мен жылдамдығы музыкалық дыбыстың биіктігі деп аталады. Дыбыс күші тербеліс қозғалысына, яғни серіппелі дененің тербеліс ауқымына қарай өлшенеді. Мысалы, дыбыстар боянуына байланысты жұмсақ, қатты, жуан, жіңішке дыбыстар болып анықталады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін студентті дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуына үйрету керек.

Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау

Источник

Читайте также:  Прикольные футболки с гитарой
Оцените статью