Отырар туралы поэма ноты

Отырар туралы поэма ноты

Автор: —
Год: 2008
Издательство: Алматы: Жибек Жолы
Страниц: 94
Формат: PDF
Размер: 12,3 МВ
Язык: русский, казахский

В сборник вошли фортепианные произведения молодых композиторов Казахстана. Издание адресовано учащимся средних и старших классов детских музыкальных школ и школ искусств.

СОДЕРЖАНИЕ:

Домбыра. Нуралиева А.
Өзен. Нуралиева А.
Вальс. Несіпханов О.
Танцующая девушка. Несіпханов О.
Подражание народному напеву. Несіпханов О.
Кюй. Несіпханов О.
Қөзімнің Қарасы. Обр. Сагат А.
Prelude. Сагат А.
Талшын. Сагат А.
Күз. Әбілжанов Х.
Вальс. Әбілжанов Х.
Вариации для фортепиано. Абдрашева Г.
Байтак дала. Абдрашева Г.
Прелюде. Андосов Т.
Утро. Андосов Т.
Сюита — Интервалы. Секеев Г.
Сонатина. Секеев Г.
Модальная поэма. Хасангали Б.
Ноктюрн. Хасанғали Б.
Фантазия. Хасанғали Б.
Мешін. Абдинуров А.
Қоян. Абдинуров А.
Тауқ. Абдинуров А.

СКАЧАТЬ \ DOWNLOAD:

Источник

Мұхтар Шаханов (Отырар)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.
– Осы өкiнiш менi де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар, бәлкiм,
Алдырмай тұр зор қамал.
Бiрақ, әке, жүргенiм жоқ аянып,
Қанша үмiтiм желге ұшты,
Қанша әскерiм жер құшты.
Дала жатыр қызыл қанға боялып,
Егep бүкпей, баяндасам шындықты,
Рухы – өр,
Тәнi – бекем,
Бұл бip қайсар халық екен,
Tipлiктен де артық қойған бiрлiктi.

Жүрегiнде ыза табы қалмағандай бip мысқал:
– Шалалаусың, – деп жымиды Шыңғыс хан. –
Сақталмауы мүмкiн емес зердеңде,
Сен тоғызға келгенде,
Ұлу жылы, Үкiтайдың тойында
Оқ өтпейтiн алып батыр жайында
Ертек айтқам оңашалап өзiңе,
Сол ертектi неге алмадың пайымға?
– Keшip, әке, балалық па,
Зерсiздiк пе,
Шалалық па,
Тек нобайы ғана қапты ойымда.
Ұмытпасам, Массагет даласында,
Аңдысқан қас пен достың арасында
Атса садақ дарымайтын,
Мыңмен жеке шайқасса, арымайтын,
Шапса, қылыш кеспейтiн,
Жанарынан мeйipiмi өшпейтiн,
Өтiптi бip өжет батыр нар кici,–
деп баласы кiбiртiктеп тоқтады, –
Есiмде жоқ, әке, одан арғысы.

– Eciң кетсе, естiге кipiптapcың,
Ең бастысын ұмытқансың, –
Деп Шыңғыс хан ызбарлана тiл қатты,
Әр сөзiнде атан түйе қайысардай зiл жатты, –
Жә, ендеше, түcipeйiн eciңe.
Жомарт, аңқау сайын дала төсiнде,
Сан мың әскер жеңбеген өр алыпты
Бip-ақ адам табанына салыпты.
Әлгi алыптың кеудесiнде бармақтай
Оқ өтетiн осал жepi болыпты.
Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында,
Айлакер жан соны жазбай таныпты.
Қай кезде де айла кескен нарықты.
Жақын барып үңiлместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым, жеңiс тауына,
Адам аз ба күшке сенiп адасқан?
Жауың мықты.
Бұған, cipә, таласпан.
Әр мықтының осал жерi болмай ма?
Болса қайсы,
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ бар кез сенiң жүру керек басыңда,
Менiң күллi жеңiсiмнiң құпиясы – осында!

Көңiлiнен күрт cepпiлiп наласы,
– Ұқтым, әке, – деп жымиды баласы.

Алты ай бойы ерлiк салтқа төрiн берген Отырар,
Алты ай бойғы алапатта жeңiлмeгeн Отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Безбүйрек жау сәбилердi, шал-шауқанды, кемпiрдi,
Tiптi жүктi әйелдiң де iшiн жарып өлтiрдi.
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,
Отырардың аянышты, зарлы өмiрi басталды.
Айдай әлем мойындаған даңқы бар,
Жүз елу мың халқы бар,
Нән қаланың асқақ әнi осыменен шектелдi.

Yш күннен соң екi адамды Шыңғыс ханға ап келдi.
Оның бipi – аты аңызға айналған,
Алты ай бойы Отырарды
Ап шығам деп арпалысқан қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы iзгiлiксiз жанбайтын,
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Иассауидiң жырларын
Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әpi өзгеше ел басқару мәнерi,
Отырардың Қайыр атты ханы едi.

Eкiншici – қара мұрты қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын,
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын.

Қайран тiрлiк, бақ пенен сор қырқысқан,
Түлкi сайға,
Қыран өрге тырмысқан.
Екеуiне алма-кезек көз тастап,
Ұзақ, үнciз ойға шомды Шыңғыс хан.

– Иә, Қайырхан, – дедi сосын жай ғана, –
Рух ердiң өзегi ғой қайда да.
Ең әрiсi
Жеңiлiстiң өзiн де
Шешкiң келiп тұр өзiңнiң пайдаңа.
Жiгiттepiм рухыңа қармақты
Салмақ болып,
Тәнiңдi әбден қорлапты.
Батырлықтан бағың бiрақ жанған, ә,
Маған қарап күлiп тұрсың сонда да.
Олар сенiң жеңгенiмен тәнiңдi,
Амал нешiк,
Жеңе алмапты жаныңды.
Мысқыл күлкiң салды маған қаншама ой,
Шipкiн, сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дарқан күйге менi
Бүкiл әлем билер едi
Аяғымның астында.
Ха-ха-ха-ха, ал мына бip сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды.
Қайғылы әрi күлкiлi.
Қайран аңқау, дара тұлға,
Аңғармапсың қанатыңа
Жасырынған түлкiнi.
Ерлiгiңe осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билiгiн!

Тұр едi еркiн езу жимай күлiмдеп,
Мына әңгiме лезде құтын қашырды.
Қарашоқы eci шыға дiрiлдеп
Шыңғыс ханның аяғына бас ұрды:
– Ұлы ханым,
Әдiлдiк пе мұныңыз?
Өле-өлгенше боп өтейiн құлыңыз,
Отырарды
Мен қол ұшын бермесем,
Оңай жаулап алар ма едi ұлыңыз?
– Оған дау жоқ, – дедi Шыңғыс түнерiп, –
Сенен acқан бар ма бiрақ тipi өлiк?!
Қастерлiнiң бәpiн жыққан табанға
Азған сен бе
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса,
Қacиeттi бip сезiм
Қaлy керек емес пе әрбiр адамда?
Рас, мeнiң нөкерлерiм безбүйрек,
Зұлымдықты ерлiк деп те таниды.
Олар тiптi өкшесiмен eзгiлeп,
Кете алады жазығы жоқ сәбидi.
Одан да ipi хайуандыққа жете алады төзiмi,
Бәpiн өзiм үйреткенмiн о баста.
Қаталдық пен аяушылық ceзiмi
Жауынгердiң жүрегiнде түспеу керек таласқа.
Түспеу ләзiм қос сезiмнiң дауына,
Мен осыған қатты көңiл бөлемiн.
Қаншама иттiк етсе де олар жауына,
Туған жерiн сатпасына сенемiн.
Дәмелендiң шығарар деп төpiнe.
Жеттi көзiң,
Ол үмiтiң — құр елес.
Опасыздық жасадың ба елiңе,
Ертең саған менi сату түк емес.
Шарам нешiк,
Тұрмын cенi тiптi аяп.
Сорлы Отансыз,
Қарайыпсың қаныңа.
Қашан менi сатарыңды күтпей-ақ,
Алдыңды орап кеткенiме налыма.
Жақсылығым қайтпады деп арыма.
Сатқындыққа сатқындықпен тiл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?!
Құлақ түрер кiм қалды ендi зарыңа?
О дүние сапарына,
Сатқыным,
Сенiп аттан әдiлдiктiң барына! –
Нөкерiне бұрылып:
– Кәне, қылыш ұстатыңдар
Қaйcаp батыр Қайырханның қолына!
– Тоқта, Шыңғыс, – деп Қайырхан саңқ eттi, –
Бұл баланың әкесi бip нар тектi
Адам едi елге сыйлы, зиялы,
Адам едi адал, ұшқыр қиялы.
Әкесi үшiн перзентiне cенiп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы.
Оны ойласам, от жүрегiм қан болар,
Сенiмiме содан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең,
Әкесiн бұл сатқынның
Осы араға алдырғаның жөн болар.

Келдi ме әлде жауынан сыр тартқысы,
Шыңғыс басын изедi оған үн-түнсiз.
Бiраздан соң
Қаба сақал қарт кici
Екеуiне қарсы қарап тұрды үнсiз.
Қайыр айтты:
– Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ,
Бiрақ жылан қалай туды қыраннан?

Қария айтты:
– Сыйлы басым қуарды,
Жария етiп жалғанымды,
Менiң қыран болғанымды
Заман бүгiн өтiрiкке шығарды.
Әдiлi сол, көнбе, мейлiң, көн, мейлiң,
Әр адымы қиындаған,
Адал өлiм бұйырмаған
Менен сорлы жан бар десең, сенбеймiн.
Ең негiзгi кiнә, әрине, өзiмде.
Бұл баланы жаңа туған кезiнде
Перзент үнi тұсаған жан мұратын
Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқан-ды.
Қaтeлiгiм осы арадан басталды.
Kiндiк кескен өлкесiнiң сорына
Ержеткен соң қайта келдi қолыма.
Бөрененi жарып шыққан сынадай
Бабалардан бiзге жеткен,
Құлақтыны iздеп өткeн,
Өсиет бар мынадай:
“Әр нәресте қашан eci кiргенше,
Жер қадiрiн,
Ел қадiрiн,
Ең бастысы тіл қадірін бiлгенше,
Алғашқы әнтек қылығына
Өзi ұялып күлгенше,
Көтергенше балаң ойдың желкенiн,
Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,
Өзiн туған қасиеттi өлкенiң
Ауасымен дем алуға тиiстi ол!”

Мен осынау борышыма әкелiк
Немқұрайды қарадым да,
Кiнәлi боп ар алдында,
Жiбердiм зор орны толмас қателiк.
Мiне, төpiм бipiгiп тұр көрiме,
Көрiнетiн бетiм бар ма елiме?
Мына сатқын перзентiме қосақтап
Өлтipyгe мiндеттiсiң менi де!
Азғындықтың соңы бiзбен құрысын,
Сабақ болсын ертеңгi атар күн үшiн.
Құм мәңгiлiк бүркей алмас асылды,
Даңқың көктеп өтедi әлi ғасырды.
Ал қимылда,
Қалды уақыт тым қысқа.
Қағу үшiн сенiң қайсар басыңды
Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!

Қайыр айтты:
– Иә, қоштасар келдi күн,
Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады-ау.
Ойлап тұрсам, ендi бәpi арман-ау.
Отырардың жанқиярлық ерлiгiн
Жыр ететiн,
Әттең, ақын қалмады-ау!

Шыңғыс айтты:
– Өкiнгенмен, болмайды,
Ешкiмге де берiлмейдi бас сауға.
Бұйрық еттiм түгел қырып тастауға.
Отырарда еркек кiндiк қалмайды!

Қария айтты:
– Қателестiң, қалады!
Жұма бұрын шеткi Елшi қақпадан
Жүзiн жалын қақтаған
Мен құтқарып жiбердiм бip баланы.

– Бәрекелде,
Бұл еңбегiң жарады!
Бipaқ одан ұрпақ тарап,
Одан ақын туғанша,
Ал ол ақын ата жолын қуғанша,
Кеудесiне сыйдырғанша даланы,
Айырғанша ақтан бөлiп қараны,
Талай өзен тасып өтер,
Бәлкiм, талай ғасыр өтер, –
деп, Қайырхан жасқа толып жанары
Отырарға қимай, ұзақ қарады.

Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттiм, қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жетi жарым ғасырдан соң,
Өзiңдi iздеп, тiл қаттым.
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндерi санатты ұрпақ тараған.
Дәуiрiнiң қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.

Keшiктiң деп кiнәлама, айбарлым,
Ceнi ояту үшiн қанша ойландым.
Еңiреген ер ең аузы дуалы,
Бiзгe жеттi жүрегiңнiң шуағы.
Түп-тамырын сенен алып жатқан ел
Саған ұқсас батырларын туады.
Күллi Азия көз тiгетiн таңдана
Құм астынан көрiнбейдi паң қала.
Сол қалаға арнаған бұл жырымды,
Оң қабақпен қабылдай гөр, жан баба!

Источник

Мұхтар Шаханов өмірі мен «Отырар» поэмасы

специалист в области арт-терапии

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шахановтыңөмірі мен «Отырар» атты поэмасы.

Сабақтың мақсаты: 1. М.Шахановтың шығармаларына шолу жасау,тарихы мол Отырар қаласының күйреуі,ақиқатты жырлаған ақын үніне назар аударту;

2. Оқушыларды поэма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, мағыналы ойды маржан сөздермен жеткізе білуге үйрету

3. Оқушыларды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, «Кубизм» стратегиясы, поэманың құрылысын талдау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: М.Шаханов портреті,

Пәнаралық байланыс: тарих,география,қазақ тілі,саз өнері

І. Ұйымдастыру бөлімі:

3.Сабақтың мақсатын айту

Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

ІІ. «Кубизм» стратегиясы

ІІІ. «Шығарманың композициялық құрылымын талдау»

ІV. «Поэмадағы хандар бейнесін талдау»

V. «Топтар атауын бүгінгі сабақ негізінде талдау»

Сыныптағы оқушылар 4-топқа бөлінеді.

І. Мағынаны ашу. Не білгім келеді?

Ақын Мұхтар Шаханов 1942жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келеді.Жастайынан жетімдікті көрсе де, өзінің өжеттілігі,қайсарлығы,қайраттылығы арқасында білім алып,талмай еңбек етіп, бүгінгі күні ел құрметіне бөленген ұлы тұлға. ҚР Халық жазушысы I (1996). Қырғыз Республика-сының халық ақыны. Ата Түрік мәдени орталығының құрметті мүшесі (1999), Ха-лықаралық Калифорния Ака-демиясының академигі.

Шымкент пед. ин-тын бітірген (1969). 1961-65 ж. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер. 1965-1970 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің оңт. обл-тардағытілшісі, 1970-1971 ж. Шымкент обл. комсомол к-тінде сектор меңгерушісі, 1971-76 ж. ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемл. к-тінің аға, бас редакторы, 1976-79 ж. ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитетінің белім бастығы. 1980-1984 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті жа-нындағы әдеби ұйымның жетекшісі. 1984-1993 ж. «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан). 1993 жылдан Қазақстан Рес-публикасының Қырғыз Республикасындары төтенше әрі өкілетті елшісі. Алғашқы өлеңі «Сыр-дария» 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлең-держинағы «Бақыт» 1966ж. жарықкөрді. Кейін махаббат, достык, тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаган «Бал-ладалар» (1868), «Айтуып келеді» (1970), «Қырандар төбеге қонбайды» (1974), «Ғашық-тық» (1979), «Махаббатты қорғау» (1982), «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңцер, балладалар мен поэмалар жинақтары басыл-ды.

халқының ерлік ісін жырлап, «Отырар» поэмасын дүниеге әкелді.М.Шаханов 1982жылы осы дастанды жұртшылық назарына ұсынды.

Мұғалім «Отырар» атты поэманы оқып түсіндіреді,мазмұнын айтады.

Сын тұрғысынан ойлау

Не білгім келеді?

Нені білу керек?

Қазақстанның қандай ежелгі қалаларын білеміз?

Источник

Открытый урок на тему «Отырар» по казахской литературе (5 класс)

специалист в области арт-терапии

Пәннің атауы : әдебиет

Сыныбы : 5 «А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар» балладасы (2-сағаты)

Білімділік: М.Шаханов шығармашылығы туралы түсініктерін, алған білімдерін арттыру,кейіпкерлерді рөл арқылы сомдау,әдеби кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы шығарма идеясын ашу

Дамытушылық: теориялық талдау жасау, түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу, мәнермен жатқа оқу, рөлге бөліп сахналау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, сатқындықтан аулақ болып, адал жүріп-тұруға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа материалды бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,рөлдік ойын,салыстыра талдау, мәнермен оқу, ғылыми ізденісін жария ету, жазбаша ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан көрсетілетін бейнефильм үзіндісі, тарихи оқиғаға байланысты ұлттық киімдер, кестелер

Болжамды нәтижелер: оқыған поэма мазмұнын аша алатын, мәнермен оқи отырып, түсіне алатын, кейіпкерге деген жағымды, жағымсыз көзқарасын талдап айта алатын тұлға қалыптастыру

1.Ұйымдастыру кезеңі /Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуларын тексеру;құрал-жабдықтарын тексеру; назарларын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру : «Отырар» балладасының мазмұны бойынша рөлге бөліп, көрініс дайындау:

1-көрініс: «Шыңғыс хан мен Шағатай» жауыздық одағы(2 оқушы)

2-көрініс: «Отырардың қирауы»- авторлар (2оқушы)

3-көрініс: «Шыңғыс хан –Қайыр хан-Қарашоқы сатқын» үштігі (6 оқушы)

3.Қорыту: осы оқиғаға негіз болған тарихи шындықты еске түсіре отырып: Монғолияға Хорезмнен сауда керуені келеді де, Шыңғыс хан саудагер көпестерден естіген Отырар жайлы әңгімелеріне қызығып, Отырарға өзінің көпестерін жібереді. Отырарға барған монғол көпестерін Қайыр хан тыңшы деп есептеп, өлтіртеді. Бұл оқиға Шыңғыс ханның Отырарға жорыққа аттануына себеп болады; фильмнен Отырардың қирауы жайлы үзіндіні интерактивті тақта арқылы көру.

Шығарманың композициялық құрылымын талдап көрелік:

Не себепті поэма құрылымы дағдыдан тыс жүйелі емес?- себебі бұл- баллада, онда өлең құрылымы дағдыдан тыс күтпеген жерден құрылып, оқиғада бірізділік болмайды.

4.1.Оқиғадағы кейіпкерлерді атайықшы: Шыңғыс хан, Қайыр хан, Қарашоқы, қария, Шағатай.

Осы кейіпкерлерімізді жағымды, жағымсыз деп бөлуге себеп болатын қасиеттерін атайықшы. (суреттері шығады,оларға ауызша сипаттама беріп, кестедегі тиісті нүктені басқанда, «дұрыс», «дұрыс емес» деген жауаптары шығады.

4.2.Осы кейіпкерлердің әрекеттерін талдап, концептуалдық кестені толтырып көрейік:

Төмен: кәрі, бала, жүкті әйел дегенді аяуды білмейді,мәдениет пен өнер ошағын талқандадым деп ойланбайды да.

Жоғары: әлемді билеп, аяғының астына салсам, көп жасап, ұзақ өмір сүрсем дейді.

2.аяусыз өлтіруге жарлық берді.

Жоғары: елін, жерін сүйеді,өз жанының азабынан гөрі халықтың өзін де, тарихын да қастерлейді.

Жоғары: 6 ай берілмей соғысып, тіпті өлердің өзінде Шыңғыс ханға өрлігін мойындата білді.

2.ел тарихы үшін күйзелді.

3. сатқын болса да, өз адамына қол көтермеді.

Төмен: сатылып заты қалғанша, өліп аты қалсашы.

Жоғары: қамалдың қақпасын ашып беріп, жан сауғалайын деді.

1.қақпаны ашып берді.

2.жау табанына жығылып, кешірім сұрады.

4.3. Оқиғадағы аталған адамдар мен қамал тарихта болған ба?- иә.(Әр оқушы өзі ғаламтордан ізденіп келген материалын ауызша баяндайды.)

Оқылған шығарма жайлы сауалдарды тарих апай береді(тақтада апай суреті шығады да, ол сауалдарды қояды, жауаптар айтылған соң, жауабын тақтадан көреміз)

1. Отырар жайлы тарихи шындықты баяндайтын шығарма авторы кім? Ол қай жылы туылған?- М.Шаханов, 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген.

2.Шығармадағы кейіпкерлер өмірден алынған ба?- иә, шығарма тарихи ақиқатқа құрылған.

3. Автор кімге сүйсініп, кімді айыптайды?- Қайыр ханға сүйсініп:

Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,

Аман өткен сан алапат майданнан,

Фараби мен Йасауидің жырларын

Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын

Әрі өзгеше ел басқару мәнері

Отырардың Қайыр атты ханы еді,-деп жырласа,

Қара мұртты қара түн,

Қара түнде қаққан қара қанатын,

Шағатайға Отырардың қақпасын

Ашып берген Қарашоқы болатын,-дейді де, Қарашоқыны түлкіге, Қайыр ханды қыранға теңейді.

4.Шағатай таң қалатын рухы-өр, тәні- бекем, бірлікті тірліктен де артық қойған қай халық?- қазақ халқы, Шағатай халық ерлігін еріксіз мойындаған.Шыңғыс ханның өзі де «Шіркін, сендей бес қолбасшым болса, әлем аяғымның астында жатар еді» Қайыр ханның қайсарлығына таң қалған.

5.Баллладаны оқығанда кімдерді жақсы көріп, кімге жек көру, ыза сезімі пайда болды?Неге?

6.Жаңа сабақты қорыту : -Барлық әдеби, мәдени мұрамыз ұлықталып жатқан 21-ғасырда Отырардың бүгінгі халі қандай?

— ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2004 жылдан бері «Ежелгі қалалар» жобасы бойынша тарихта аты бар, жерде тек орны қалған Отырардай қалаларды қазып, тарихи мұражай ашу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Осы жобаның аясында Отырардың орнында археологиялық жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі ашық мұражай орны мынандай күйде.(суреттер тақтадан көрсетіледі.)

1-оқушы: Отырардың тарихи музейінің алдындағы тасқа: «Жиһанкез, сенің алдыңда Орта Азияға, Кавказға, орыстарға бет алған басқыншы Шыңғысханның сансыз әскерлерін жарты жыл ерлікпен ұстаған, сөйтіп барып өзі күйреген батыр қамалдың қалдығы жатыр. Бұл қамалдың қасиетін қадірлей біл», — деген сөздер қашалып жазылған.

2-оқушы: Әуелде үлкен қала Отырардан
Кейіннен кіші-гірім шоқы қалған.
Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы
Қаланың көкіректе оты қалған.
Тартады күзгі желмен дала күйді,
Қалдырды өшпейтіндей баба сыйды.
Арада мыңдаған жыл өтсе дағы
Көтеріп келеді ол Фарабиді. (С.Мәуленов)

7.Оқушылар білімін бағалау /жауаптары мен тапсырманы орындау деңгейіне,білім, біліктіліктеріне қарай «2»,«3»,«4»,«5» бағалары қойылады.

8.Үйге тапсырма : баллада бойынша алған білімдеріңді жинақтап, «Болашақ жауыздыққа жол бермейді» тақырыбында ой толғаңдар.

Источник

Читайте также:  Дербенко ты егор кудрявой ноты для ансамбля
Оцените статью