Сенім грамотасын тапсыру туралы жеке нота лгісін жасау

Верительная грамота

Кому (полное имя и титул главы государства)

Я назначил (ФИО), выдающегося гражданина (название государства-отправителя), представлять меня перед Вашим Правительством в качестве Чрезвычайного и Полномочного Посла (название государства-отправителя).

Он хорошо осознает взаимные интересы наших двух стран и разделяет мое искреннее желание сохранять и укреплять долгую дружбу между нами.

Моя убежденность в его высокой репутации и способностях дает мне полную уверенность в том, что он будет исполнять свои обязанности таким способом, который будет полностью приемлем для Вас. Имею честь рекомендоватьего Вам и прошу Вас принять его благосклонно и относиться с полной верой ко всему, что будет сказано им от лица (название страны-отправителя), равно как и его уверениям в моих лучших пожеланиях процветания (название принимающей страны).

(подпись главы государства)

Керекті сөздер:

3-тапсырма.Мәтінді оқыңыз. Етістіктердің қандай тұлғада қолданылғанына назар аударыңыз.

Интернет көздерінен келесі сұрақтарға кеңейтілген жауап жазыңыз:

1. Сенім грамотасы қай кезде және кім береді?

2. Сенім грамотасын кімдерге береді?

3. Сенім грамтотасын не үшін береді?

4. Сенім грамотасы қай кезде күшін жояды? Және ол кезде қандай ресми дипломатиялық құжат қолданылады?

5. Сенім грамотасы тапсырылған адамға қандай құқықтар беріледі, ал қандай құқықтар берілмейді?

6. Дипломатиялық нота дегеніміз не және ол қандай мақсаттарда жазылады?

7. Дипломатиялық нота қай жақта жазылады?

8. Жоғарыдағы құттықтау нотасы қандай мақсатта жазылған?

9. Құттықтау нотасына қандай тілдік белгілер тән?

ЕСКЕРІҢІЗ!

Сенім грамоталары – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілерге, уәкілдерге және арнаулы (төтенше) делегация басшыларына беріледі. Сенім грамоталары дипломатиялық өкілді аккредитациялауды жүзеге асыратын құжат. Дипломатиялық нота – халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. Дипломатиялық нота – бір мемлекеттің үкіметі атынан екінші елдің үкіметіне дипломатиялық ресми жолдауы. Ол вербалды және жеке болып бөлінеді. Вербалды нота үшінші жақта жазылады. Жеке нота әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе болып жатқан елдегі дипломатиялық протоколдың бекітілген талаптарына сәйкес белгілі бір оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап ретінде жазылады. Әдетте жеке және вербалды ноталарда жазылатын мәселелер нақты реттелмейді.

4-тапсырма. Дипломатиялық нотаның келесі үлгісін оқыңыз. Ерекше берілген сөздердің аудармасын жазыңыз. Қажет болса, редакциялаңыз.

(Жапон тарапының нотасы)

Жоғары мәртебелі, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!

«Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткізу» жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапон Үкіметі өкілдері арасында жүргізілген жуырдағы келіссөздерге назар аударуға және Жапон Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:

1.Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қырық тоғыз миллион сегіз жүз мың жапон йені мөршерінде грант бөледі.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе оның уәкілетті органымен анықталған Жапон банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына тек қана Грантты іске асыру мақсатында пайдаланатын банктік шот ашады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша шаралар қабылдайды:

(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды уақытылы кедендік рәсімдеуді, ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;

(б) жапон ғалымдарын Грант шеңберіндегі тауарлар мен қызметтерді жеткізуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының төлемдерінен, елдің ішкі салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан босату;

(в) құрал-жабдықтарды тиесілі және тиімді пайдалану;

(г) грант есебінен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары кері экспортқа шығарылмайды.

6. Екі Үкімет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе оларға байланысты кез келген мәселені қарау кезінде бір-бірінен консультация алады.

Міне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты жоғарыда баяндалғандарды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңіздің нота жауабы Жапония Үкіметі Қазақстан тарабы осы Келісім күшіне енуі қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін екі Үкіметтің арасындағы Келісім болып саналуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.

Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіремін.

Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)

Источник

Сенім грамотасын тапсыру туралы жеке нота? лгісін жасау

Рәсім барысында Елбасыға Қазақстандағы Швед Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер, Куба Ресбуликасының төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі, Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның төтенше және өкілетті елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамоталарын тапсырды.

Сонымен қатар шараға ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңешісі Нұрлан Онжанов қатысты.

Алдымен Қазақстан президенті шетелдік елшілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Бүгін сіздердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыз ресми түрде басталады. Осы айтулы күнге орай баршаңызды жаңа қызметтеріңізбен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі миссияларыңызда елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін тигізеді деп сенемін. Сіздердің жұмыстарыңыз қызықты және жауапты кезеңге тұспа-тұс келіп отыр», — деді ол.

Сонымен қатар Елбасы еліміздің шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін айтып, елімізде маңызды саяси реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде әлем жаһандық өзгерістер қарсаңына түсті. Жаңа технологиялар әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, адамның өмірін өзгертеді. Сондықтан кеше Қазақстан халықына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымды жарияладым. Мен экономиканы, әлеуметтік саланы, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша нақты міндет қойдым. Бұл міндеттерді шешу заманауи технологияларды пайдалануды көздейді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, бұл шаралар Қазақстанды озық дамыған 30 елдің қатарын қосылуға септігін тигізеді. Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара саяси іс-қимылдың жанданғанына назар аударды.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, көп векторлы сыртқы саясат жүрзігіп келеді. Бұл халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесімен ынтамақтастық бағытындағы диалогты орнатуға бағытталған. Ұлыбритания әлемдегі маңызды әріптесіміздің бірі екені сөзсіз. Екі елдің ынтамақтастықтығы өзара құрмет пен сенімге негізделген. Бүгінде Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып саналады. Менің 2015 жылғы Ұлыбританияға сапарым жемісті ықпалдастықпен екі елдің қарым-қатынасына тың серпін берді», — деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Швециямен көп салалы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін, Үндістанмен іс-қимыл өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделгенін атап өтті.

«Швеция Корольдігі парламентінің төрағасы Урбан Алиннің Қазақстанға сапары өткен жылдың маңызды оқиғасына айналды. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырып екіжақты сауда-саттықтың көлемін арттыруымыз қажет. Біз Үндістанға Қазақстанның маңызды сыртқы саяси, сауда серіктесі ретінде қараймыз. Елдеріміз халықаралық ұйымдар арасында өзара белсенді іс-қимыл жасап келеді. Үндістанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүшесі болғанына қуаныштымыз. Елдеріміз бұл ұйымның жұмысына тың серпін беріп, мәртебесін арттырады деп сенеміз», — деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті Кубамен де қарым-қатынасымыздың дамып келе жатқанына тоқталды.

«Қазақстан Куба мемлекетімен екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі. Соңғы жылдары Қазақстан-Куба қарым-қатынастары айтарлықтай жанданып келе жатыр. Мен 2017 жылдың сәуірінде алғаш рет Кубаға ресми сапармен бардым. Куба басшылығымен өткен келіссөздер барысында біз екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын анықтадық. Елдеріміздің сауда экономикалық саяси ынтамақтастығын нығайту үшін нақты жұмыстарды жалғастыру қажет», — деді Елбасы.

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы жауапты дипломатиялық қызметтерінің басталуымен тағы да құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Источник

Дипломатиялық хат-хабар жазысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 17:38, реферат

Краткое описание

Дипломатиялық хат-хабар жазысу – мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды іске асыратын әртүрлі ресми қатынас хаттары мен дипломатиялық сипаттағы құжаттардың жиынтығы. Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар жазбаша түрде мемлекет басшысының, үкімет, сыртқы істер министрлігінің, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдар, немесе олардың басшылары, дипломатиялық өкілдік және жеке дипломаттар атынан жүзеге асады.

Файлы: 1 файл

Дипломатиялық хат.docx

Дипломатиялық хат-хабар жазысу – мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды іске асыратын әртүрлі ресми қатынас хаттары мен дипломатиялық сипаттағы құжаттардың жиынтығы. Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар жазбаша түрде мемлекет басшысының, үкімет, сыртқы істер министрлігінің, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдар, немесе олардың басшылары, дипломатиялық өкілдік және жеке дипломаттар атынан жүзеге асады.

Қазіргі заманның аса маңызды, өзекті мәселелеріне қатысты мемлекеттердің саяси ұстанымын айқындайтын мемлекет қайраткерлерінің баяндамалары, мәлімдемелері, жолдаулар, ноталар, меморандумдар, мемлекет басшысының, үкіметтің ресми жеделхаттарды сияқты дипломатиялық құжаттар бүгінгі кезеңдегі ақпараттық желісінде сыртқы саясат мәселесіне қатысты құжаттар ретінде ерекше орын алады. Жалпы дипломатиялық құжаттарда қаралатын мәселелер де алуан түрлі. Олар өзіндік нысанына қарай мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындайтын және дипломатиялық қатынастар орнату жөнінде ұсыныстар түрінде, барлық халықтардың тағдырына қатысты құжаттар болуы мүмкін. Дипломатиялық құжаттарды дайындау сыртқы істер министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы дипломатиялық хат алмасудың қалыптасқан тәжірибе бойынша жүзеге асуын қадағалау негізінен протоколдық қызметке тапсырылады.

Дипломатиялық тәжірибеде жиі пайдаланылатын дипломатиялық хат-хабар жазысу құжаттары:

  1. жеке ноталар;
  2. вербальды ноталар;
  3. жадынамалық жазбалар;
  4. меморандумдар;
  5. жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар;
  6. жеке жолдаулар;
  7. жеделхаттар.

Дипломатиялық қызмет тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды дұрыс ресімдеуге үлкен мән беріледі. Аталмыш дипломатиялық құжаттардың бірқатары құрметтілік, қошеметтілік сияқты сөз орамдарымен ресімделеді.

Құрметтіліктің протоколдық сөз орамдары жеке және вербальды ноталарда, жеке жолдауларда, шабарманмен жіберілетін жадынамалық жазбаларда қолданылады.

Жеке нота маңызды және қағидатты мәндегі мәселелер бойынша дайындалады немесе қандай да бір ірі оқиғалар жөніндегі ақпаратты мағынаға ие болады. Жеке ноталар ноталық бланкіде теріледі, яғни елдің мемлекеттік елтаңбасы басылған ерекше қағазда, елтаңбаның астында «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген жазу келеді.

Жеке нота құжатқа қол қоюшының атынан бірінші жақта ресімделеді және қаратпа сөзден басталады.

Жеке ноталарда кең етек алған құрметтіліктің протоколдық сөз орамдары «Құрметті Министр мырза», «Құрметті Елші мырза». Бұл қаратпа сөздер құжатты қабылдаушыны мәтіннің мазмұнына қайырымдылықпен қарауға шақырады.

Қаратпа сөздерден кейін құжатта мәтіннің мағыналы өзегі жазылады. Айтылатын ой толық жеткізілгеннен кейін автор «өзінің құрметтілігін растап» қорытынды қошеметтілікпен аяқтайды.

Жеке ноталар мәтінінің мазмұнына қарап оның қандай лепте жазылғандығын айқындауға болады, яғни аса жылы шыраймен бе, әлде қалыпты ғана жылылық па, жоқ салқын қандылық басым ба. Егер жеке нота «Министр мырза», «Елші мырза» сияқты қаратпа сөзбен басталып, «Құрметпен» деген қошеметпен ғана аяқталып жатса, бұл автордың нотаға байсалдылық сипатын беру ниетінен тууы ықтимал.

Жеке нотаны автор «Құрметті Министр мырза» деп бастап, «Шынайы құрметпен» деген қошеметтілікпен аяқтауы, бұл құжатта жылылық пен достық сипатты ерекше көрсетуге ұмтылуынан болуы мүмкін. Жеке ноталарда қошеметтіліктің басқа да түрлері кездеседі:

  • сыртқы істер министріне немесе елшіге – Министр мырза, Елші мырза
  • уәкілге, уақытша сенімді өкілге – Министр мырза, Сенімді өкіл мырза Сізге деген зор құрметімді қабыл алыңыз.

Жеке ноталардың қалыптасқан үлгілері:

Құрметті Министр мырза!

Менің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалуыма байланысты жолдаған шын жүректі құттықтауыңызға ризашылығымды білдіремін.

Еліңізге жасаған сапар кезінде көрсеткен қонақжайлыққа алғысымды айта отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларымыз жүзеге асатынына сенімдімін.

Министр мырза, өзіңізге мықты денсаулық пен бақыт, бауырлас Пәкістан халқына амандық пен өркендеу тілеймін.

Сыртқы істер министрі

Дипломатиялық өкілдің шет мемлекетте тіркелуін куәландыратын құжат – Сенім грамотасы деп аталынады. Қабылдайтын мемлекетке жолданған Сенім грамотасына дипломатиялық өкілді тағайындайтын мемлекеттің басшысы қол қояды және Сыртқы істер министрінің қолымен бекітіліп Елшілерге, уәкілдерге және арнаулы (төтенше) делегациялар басшыларына беріледі.

Сенім грамотасын тапсыру жөніндегі жеке ноталардың үлгісі:

Халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту саясатына және Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық қатынастарды дамытуды көздей отырып, мен Шоқпытов Андар Мәулешұлын Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындауды мақұл көрдім.

А.М.Шоқпытов мырзаны осы Сенім грамотасымен тіркей отырып, ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ, оны ізгі ниетпен қабылдауыңызды, бұл кісі менің атымнан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан СІЗГЕ баяндағандарының бәріне қалтқысыз сенуіңізді өтінемін.

Сыртқы істер министрі

Астана 2006 жыл

Ал тіркеу грамотасы – дипломатиялық өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенім грамотасы, құжат. Сонымен бірге хабардар ету грамотасы – мемлекет басшысының қызметке сайланғандығы және қызметін бастағандығы жөнінде дипломатиялық қатынастағы басқа елдің басшысын хабардар ету жайындағы хаты. Құжатта негізінен осы елдер арасындағы қатынастар сипатталып, оның болашақта да нығая түсетіндігіне сенім білдіреді.

Дипломатиялық өкілді кері елге қайтаруға қатысты кері шақыру грамотасы жіберіледі. Бұл дипломатиялық өкілді жіберген мемлекет басшысының оны қызметінен босатуы жөніндегі ресми хаты. Кері шақыру грамотасының алғы сөзінде қысқаша түрде дипломатиялық өкілді кері шақыру себебі келтіріледі, сонымен бірге бұл дипломатиялық өкілдің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуына тигізген үлесі аталынады. Негізінен кері шақыру грамотасын жаңа тағайындалған өкіл сенім грамотасымен бірге қабылдаушы елдің басшысына тапсырады. Кейбір елде кері шақыру грамотасын босатылған дипломатиялық өкілдің өзі тапсырып кетуі мүмкін, жалпы бұл өте сирек кездеседі. Кері шақыру грамотасы да сенім грамотасы сияқты ресімделеді.

Дипломатиялық құжаттардағы қошеметтіліктің түрі өзаралық қағиданы ескеруі тиіс, әсіресе жауап түріндегі ноталарды дайындаған жағдайда. Қаратпа сөздердің түрлері сондай-ақ нақтылы жағдай мен жергілікті тәжірибеге де байланысты.

Құжатты дайындау барысында келесідей қаратпа сөздер болуы ықтимал:

министрге – Министр мырза, Жоғары мәртебелі; елшіге – Елші мырза, Жоғары мәртебелі;

уәкілге – Уәкіл мырза немесе Министр мырза;

«уақытша» анықтауышы қаратпа сөзде негізінен қолданылмайды.

Егер уақытша сенімді өкіл – уәкіл дәрежесіндегі кеңесші болатын болса, онда оған қаратпа сөз келесідей болуы мүмкін: «Министр мырза».

Жергілікті тәжірибеге қарай және өзаралық тәртіпке сай «мырза» сөзін толық жазуға болады. Жеке ноталарда қол қоюшының тегі мен лауазымы жазылмайды, мөр қойылмайды. Нотадағы парақ санына қарамастан, құжат жіберілетін мекен жай бірінші парақтың төменгі сол жақ бұрышына жазылады. Мекен жаймен қоса нота жіберілетін тұлғаның атағы да көрсетіледі:

Атал Бихари Ваджпаи мырзаға

Жеке нотада көрсетілген мекен жай сол күйінде нота салынатын конверттің сыртында да көрсетіледі. Халықаралық қатынастар жүйесінде дипломатиялық тәжірибе де күннен-күнге даму үстінде, өз кезегінде қалыптасқан түрден ауытқушылық та кездеседі.

Дипломатиялық хат алмасуда консулдық қызметтерге қатысты да бірқатар құжаттар дайындалады. Штаттағы, кәсіпқой, штаттан тыс немесе құрметті консулдарды тағайындауға, олардың қызметін атқаруына байланысты келісім алу негізінен дипломатиялық хат-хабар жазысу арқылы жүзеге асады. Штаттағы консул жіберген мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі және сол мемлекеттің азаматы болып табылатын тұлға. Мемлекеттің консулдық ережесіне сай құрметті консул ретінде қабылдаушы мемлекеттің немесе үшінші елдің азаматы да болуы мүмкін. Консулдарды тағайындауға қатысты оларға консулдық патент беріледі.

Консулдық патент – консулдық мекеме басшысы ретінде тағайындалу фактісін растайтын құжат. Ол дипломатиялық және басқа да жолдар арқылы консулдық орналасқан мемлекеттің үкіметіне жіберіледі. Консулдық патентте аталмыш адамның толық аты-жөні, азаматтығы, консулдық дәрежесі, сонымен қатар консулдықтың орналасқан жері мен консулдықтың аумағы көрсетіледі.

Консулдық патентті жіберген мемлекеттің басшысы, үкіметтің немесе сыртқы істер ведомствосының басшысы береді.

Консулдық құжаттарда консулдардың қызмет ететін аумақ шеңбері немесе елі, яғни консулдық округ айқындалынады. Консулдық округ – консулдық лауазымды адамның консулдық міндеттерін атқару мақсатында келген мемлекеттің (мемлекеттердің) аумағы. Консулдық өңір мемлекеттер арасындағы келісім бойынша консулдық патентте немесе консулдық мекеме басшысын тағайындау туралы өзге құжатта көрсетіледі.

Консулдық өңір шегінде консул өзіне жүктелген міндеттемелерге байланысты жергілікті құзыретті өкімет органдарына екі ел арасындағы бар арнаулы келісімдерге сәйкес ауызша немесе жазбаша өтініш білдіре алады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антигитлерлік топ мемлекеттерінің басшылары арасында шұғыл және өте жауапты шешімдер қабылдауды қажет еткен сәтте бір-бірімен жеке жолдау, хат арқылы алмасу тәжірибесі қалыптасқан болатын. Сол кезден бастап әлемдік саясаттың маңызды мәселелері бойынша мемлекет, үкімет, сыртқы істер министрлігі басшылары арасындағы орын алған жеке жолдаумен алмасу тәжірибесін дәстүрлі дипломатиялық хат алмасудың ерекше қатарына қоюға болады. Дипломатиялық хат алмасудың бұл түрі соңғы кезде тіпті кең етек алды. Оны тіпті мемлекет немесе үкімет басшысының жеке жолдауы теп те атауда. Іс жүзінде мұндай жолдауларды «жеке нота» қатарына да жатқызуға болады. Алайда, құжатты жіберушінің жоғары лауазымды тұлға болуына қарай, сондай-ақ құжаттың үлкен мәнге ие болуы оны дипломатиялық хат алмасуда дербес құжат ретінде көрсетеді.

Бұл жолдаулар да жеке нотадағыдай протоколдық сөз орамдарына – қаратпа сөз бен қорытынды қошеметтілікке ие. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің үкімет басшыларына арналған жолдауының нысаны: «Құрметті Президент (Премьер-министр) мырза». Жолдаудың қорытынды қошеметтілігі келесідей болуы мүмкін: «Құрметпен» немесе «Шынайы құрметпен». Кейбір жағдайда құжат бағытталған тұлғаның толық дәрежесі мен атағы жазылғанда, мысалы, «Жоғары мәртебелі Франсуа Миттеран мырзаға, Француз Республикасының Президентіне», сондай-ақ мәтінге де қаратпа сөзді қосқан жөн. Яғни, «Құрметті Президент мырза», басқаша жағдайда – «Жоғары мәртебелі». Аталған құжаттар тобына сыртқы істер министрінің хаттарын да жатқызуға болады. Мұндай құжаттар көп жағдайда БҰҰ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара қатынаста жиі қолданылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Бас хатшы 2006 жылғы 22 тамыз

Сізді және Сіздің еліңізді Семей ядролық сынақ алаңы жабылуының 15-жылдығына орай құттықтауыма рұқсат етіңіз.

Осынау маңызды күнді атап өтерде біз әралуан көңіл күйді бастан кешеміз. Бұл күн әлемге ядролық қару мен оны сынаудан туындайтын үрей мен қауіпті ескертеді. Полигонды жабу туралы шешім ядролық қатерді келмеске кетірудің жарқын үлгісі және халықтың бейбітшілік пен қарусыздануға ұмтылысын паш етеді. Ядролық қаруға ие болудан 1991 жылы өз еркімен бас тарту және сынақ полигонын жабу, БҰҰ-ның осыдан алпыс жылдық уақыт бұрын өзі құрылған сәтінен бастап қол жеткізуге ұмтылып отырған мақсаты – ядролық қарусыздану мен таратпаудың жаһандық күш-жігеріне өлшеусіз үлес қосты.

Семей сынақ полигоны жабылған 15 жылдан кейін, ядролық жарылыстардың салдарына ұшыраған тұрғындардың денсаулығын сауықтыру және аймақтың экологиялық жүйесін қалпына келтіру әлі де болса айрықша назар аударуды қажет етіп отырғаны маған мәлім.

БҰҰ Сіздің аландаушылығыңызға ортақтасады және тұрғындарды сауықтыруға, Семей аймағының экологиясы мен экономикалық дамуына бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейтін Сіздің еліңіздің күш-жігерін қолдауды жақтайтынын қуаттайды.

Біз Сіздің еліңізбен ядролық қарудан азат бейбітшілікті құру ісіндегі тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.

Жоғары мәртебелі, менің зор ілтипатыма деген сенімімді қабыл алыңыз.

Қазақстан Республикасының Президенті

Дипломатиялық хат алмасудың жоғарыда аталған балық құжаттарына (жеке нота, жеке жолдау, хат) жіберуші жеке қолтаңбасын қояды.

Источник

Оцените статью